Жаңалықтар

«Бір бала босанып берсейші». Алтынай Жорабаеваға қандай пікірлер көп жазылады

«Бір бала босанып берсейші». Алтынай Жорабаеваға қандай пікірлер көп жазылады
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva 09.06.2023 12:10 10379

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева «неге балалы болмайсыңдар» деген елдің пікіріне көзқарасы қалай екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Көпшілік «Сен шошаңдап жүре бермей, бір бала босанып берсейші» деп жазады. Сонда мен ыңғайсызданып, көңілім түсіп қалады. Ал күйеуім «Ертең Құдайдың алдына барғанда, неге балаң жоқ деп сұралмаймын. Қыздарға қандай әке болдым, саған қандай жар болдым, сол үшін сұраламын" дейді. Білмеймін неге екенін, түсініктері басқаша, - деді Алтынай Жорабаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасында.

Әнші бірнеше жыл бұрын актер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқан болатын. Кейін 2020 жылы Әлішер есімді өзінен екі жас кіші Қостанай облысының тумасына тұрмысқа шыққан. Қазір Астана қаласында тұрады. Алтынайдың алғашқы күйеуінен төрт қызы бар. Олар Әлішерді осы күні әке деп атайды екен.

Қыздарым бір жылға жетпейтін уақытта е әке деп атап кетті. Ол ең басында «Қыздар мені қалай қабылдайды»  деп қорықты. Мен «Махаббатыңды көрсетсең болды» дедім. Ол қатты қорқып, қобалжып жүрді. Бір жылға жетпей үлкен қызым «Сізді әке десек болады ма" деді», - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға