Жаңалықтар

Бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды

Бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды
Фото: mail.kz 27.07.2022 11:55 1954

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев болды.

Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Абаев Ерлан Масғұтұлы басқарды.

Аға әділет кеңесшісі Басшыбаев Мадияр Бекенұлы Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Шалабаев Серік Рысқалиұлы тағайындалды.

Ақтөбе облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов басқарды.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов тағайындалды.

Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға