ҚР ҰОК

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы ширек финалды сәтсіз бастады

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық матчында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева шығып, әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварромен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы матчта америкалық теннисші 7:5, 2:6, 6:7 (6:8) есебімен жеңіске жетті.

Келесі кездесуде Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.