pixabay

Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

27.11.2025 12:25

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша жаңадан құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заң еліміздің технологиялық дамуының жаңа кезеңін бастайды. Осыған байланысты білім беру процесіне AI технологияларын тиімді және қауіпсіз енгізу, министрліктің негізгі басымдықтарының бірі.

Жасанды интеллект мұғалімнің жұмыс жүктемесін азайтып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектесетін қосымша құралға айналуы тиіс, - деді Сүлейменова.

Ведомство мәліметінше, жұмыс тобы отырысында ЖИ-ді оқу үдерісіне кезең-кезеңімен енгізу, этикалық стандарттарды бекіту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, инновациялық шешімдер арқылы білім сапасын арттыру және AI жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу сияқты мәселелер талқыланды.

Жұмыс тобының жетекшісі ретінде Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева сайланды.