©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Білім гранты иегерлері анықталатын күн жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттар анықталатын күнді жариялады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамызда сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.