Жаңалықтар

Білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен толықтай қамтылған – министр

Білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен толықтай қамтылған – министр
Фото: riakchr.ru 07.03.2023 10:37 934

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100 пайыз қамтылған. Әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошақтары қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған», - деді министр.

Сонымен қатар ол бұл жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірлер осы жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет екендігін мәлімдеді.

«Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігіне толық тексеру жүргізу мәселесі ақпан айында өңір әкімдері орынбасарларының қатысуымен министрлік өткізген арнайы кеңесте қаралды. Осыған орай бірнеше мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған 162 мониторингтік топ 20 өңірде жұмыс істеуде» - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар министр бүгінгі күні мониторингтік топ 10 мыңнан аса білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуығын қамтығандығын мәлімдеді. Бұл мәселеге байланысты жұмыс наурыз айының соңына дейін аяқталып, нәтижесі министрліктің отырысында қаралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға