Жаңалықтар

Білім беру саласындағы департамент басшыларының телефон нөмірлері жарияланды

Бұл туралы министріліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
Білім беру саласындағы департамент басшыларының телефон нөмірлері жарияланды
Фото: baq.kz 11.10.2022 15:44 1997

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменті (БССҚД) бірінші басшыларының ұялы және жұмыс телефон нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды El.kz.

 Бұл туралы министріліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар  БССҚД басшыларының әлеуметтік желілердегі аккаунттары және орынбасарларының телефон нөмірлері де жарияланды.

Қазақстандықтар білім саласындағы кез келген мәселе бойынша аумақтық департамент басшыларына тікелей хабарлай алады. Мысалы, мұғалімдердің міндетіне жатпайтын жұмысқа тартылуы, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйесі элементтерінің (бейнебақылау камералары, дабыл түймелері) жоқтығы немесе дұрыс жұмыс істемеуі туралы және т.б. Азаматтар жауапты қызметкерлерге хабарласу арқылы кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпарат алады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен аумақтық департаменттердің басшыларына өңірлерден түскен өтініштер, шағымдар мен ұсыныстарды жедел қарауды тапсырған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға