Оқуға арналған несие талапкерлер үшін білім алуды жеңілдету әдістерінің бірі болып табылады. Мұндай несиелер Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен беріледі, – деп хабарлайды El.kz.
Бүгін білім беру несиесін алу үшін қандай құжаттар қажет екеніне тоқталамыз.
Қарыз алушы үшін құжаттар:
- Жеке куәлік;
- Талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе соңғы сессияны тапсыру нәтижелері;
- Білім алуға шарт не оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
- Қарыз алушы 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар;
Бірге қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
- Жеке куәлік;
- Жұмыс орнынан анықтама;
- Зейнетақы аударымдары туралы ақпарат;
- Еңбекақысын көрсететін және растайтын құжаттар;
- Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.
Оқу несиесі білім алудың барлық түріне беріледі және ол талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкер/студенттің өзіне жүктеледі.
Автор:Сауле Сарбасова
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 1643 адамнан коронавирус анықталды