massaget.kz

Білім беру ақысы 13,8% қымбаттады

06.10.2022 13:21

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.

Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты. 

Колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттады. 

Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті», - делінген статистика мәліметінде.