Жаңалықтар

Білім алуға байланысты сіз білмеген 8 мәлімет

Білім алуға байланысты сіз білмеген 8 мәлімет
Фото: © Pixabay.com 25.01.2024 18:31 1041

Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы. Білімсіз дамыған өркениетті құру мүмкін емес. Адам баласы туғаннан бастап, әлемді тануға құштар болуының себебі де осы шығар.  Абай Құнбайұлы айтпақшы, «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық». Осы орайда әлемдегі білім мен оқуға байланысты қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

 

1 сәуір - білім күні

Әлем елдерінің көпшілігінде білім күні 1 қыркүйек боп белгіленген. Бірақ, Жапонияда оқу жылы 1 сәуірден басталады. Өйткені, жапондық мамандардың мәлімдеуінше, бұл уақыт адам өмірінде жаңа іс бастау үшін ең таптырмас кезең.

 

Әлемдегі ең еңбекқор оқушылар мен студенттер

Қытайда білім алушыларға берілетін жазғы демалыс тек бір айды ғана құрайды. Аспан асты еліндегі оқу бағдарламасы әлем елдеріндегі ең қиын болып есептеледі. Өйткені, дәріс таңғы сағат 5-те басталып, 8-16 сағатқа дейін жалғасады. Бұл қосымша пәндерді есептемегенде. Егер, қосымша дайындық сабақтарын есептесек, қытайлық білім алушылар бір күнде 21 сағатты оқуға арнайды.

 

Жеңілдігі көп жоғары оқу орындары

Грекия халқына жергілікті жоғары оқу орындарында көп жеңілдіктер қарастырылған. Олар, дәріс өтетін уақытын өздері таңдайды. Тіпті, оларға оқу жылын ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Оған қоса, студент гректер тегін оқумен, тегін медициналық көмекпен және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

 

Ең ұзақ лекция

Әлемдегі ең ұзақ лекция боп гиннестер рекордтар кітабына  австралиялық профессор Барроуздың биология курсынан берген дәрісі тіркелді. Аталған лекция 50 сағатқа созылған.

 

Ең көп оқушысы бар мектеп

2003-2004 оқу жылында Үндістанда рекорд тіркелді. Сол жылы Монтессори қаласындағы мектеп оқушыларының саны 28 мың балаға жеткен.

 

Әлемдегі ең көне университет

Әлемдегі ең көне жоғары оқу орны Мароккода орналасқан. Бұл - 859 жылы құрылған Карауин университеті.

 

Ең қымбат мектеп

Әлемдегі ең қымбат боп ағылшын мектептері тіркелді. Мұнда жергілікті тұрғындар бір баланы оқыту үшін орташа есеппен айына 80 000 фунт стерлинг ақша төлейді.

 

«Мәңгі студент» атағына ие адам

Британдық Роберт Кронин «Мәңгі студент» атағына ие адам. Себебі ол, 1948 жылы Принстон университетінің биология факультетіне оқуға түсіп, оны тек 52 жылдан кейін, 2000 жылы 72 жасында аяқтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға