Жаңалықтар

Әбілфас Хамедов: Құрылыс саласының дамуында серпіліс бар

Әбілфас Хамедов: Құрылыс саласының дамуында серпіліс бар
16.10.2018 09:51 1661

Бүгін Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғимаратында «Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы Әбілфас Хамедовтың инженерлік-техникалық факультеттің студенттерімен кездесуі өтті. Іс-шараға 80 жуық студенттер қатысты.

Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Нақтырақ айтсақ, спикер құрылыс және жалпы инженерлік-техникалық білім беру саласында сапалы білім беру мен студенттердің кәсіби даярлықтары туралы ой бөлісті.

«...Бізде кадрлық тапшылық белең алуда. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан соң Сіздер өз мамандықтарыңыз бойынша жұмыс істейсіздер. Ал, елімізді қазіргі заман ағымында дамыту үшін Сіздер өз істеріңізідің шеберлері болуларыңыз қажет. Өйткені, Сіздер – еліміздің болашағысыздар»,- деді А. Хамедов.

Сонымен қатар, спикер, тұрғын үй, мектеп пен бала бақша құрылысы бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар құрылыс саласын дамытуға серпіліс беріп, бизнеске қолайлы жағдай жасауда екендігін жеткізді.

Шара соңында «Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы А.Хамедовқа Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының атынан алғыс хат табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға