Бидайды авто және темір жол көліктерімен әкелуге тыйым салынады
19.08.2023 08:33
Фото:
© Pixabay.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан жарты жылға бидайды үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен әкелуге тыйым салуды, сондай-ақ бидайды автокөлікпен әкелуге салынған тыйымды тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес, бидайды теміржол көлігімен тек лицензияланған элеваторларға, астық өңдеушілерге және құс шаруашылығы кәсіпорындарына ғана әкелу мүмкін болады.
Жоба ҚР АШМ интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

