Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде үшінші жеңісіне қол жеткізді
![Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде үшінші жеңісіне қол жеткізді Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде үшінші жеңісіне қол жеткізді](/storage/storage/element/2023/03/31/mainphoto/43801/1200xauto_6ro04RudMYXfGG7Xh9xHdGbAjx268X4xisoBgRfy.jpg)
Фото: instagram.com/bibisarachess
Фото: instagram.com/bibisarachess
31.03.2023 12:40
705
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық халықаралық спорт шебері Бибісара Асаубаева Гран-придің 4-ші турында ресейлік Александра Горячкинадан жеңілгеннен кейін, үндістандық гроссмейстер Харика Дронавалиден басым түсті.
Осы жеңістен кейін жерлесіміз 3 ұпай жинап, ресейлік А.Горячкинамен үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті.
Аталған сайыста әзірге 3,5 балл жинаған қытайлық Чжу Цзяньэр мен ресейлік Полина Шувалова көш бастап тұр. Бүгін Бибісара Асаубаева екеуімен де кездесу өткізеді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Наурыз мерекесінің тарихы мен бүгінгі ерекшеліктері
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды