Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-приде сәтті өнер көрсетіп жатыр

Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-приде сәтті өнер көрсетіп жатыр
Фото: instagram.com/bibisarachess 25.05.2023 18:13 581

Кипрде шахматтан Гран-придің төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жарыстың екінші күнінде де қарсыласын ұтты. Бибісара ақ тастармен ойнады. Жарыстың сегізінші турында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева грузин шахматшысы Белла Хотенашвилиді жеңді. Осы жеңісінен соң Қазақстан шахматшысы 4 ұпай жинап, турнир кестесінде өз орнын жақсартты.

Тоғызыншы раунд алдында Бибисара Грузия өкілі Нана Загнидземен 7 және 8-орындарды бөлісіп тұр.

Никосиядағы әйелдер Гран-приінің соңғы кезеңіне барлығы 12 шахматшы қатысады, олар бір-бірімен айналма жүйеде ойнайды.

25 мамырда осы жарыстардың кезекті туры өтеді, онда Бибісара Асаубаева поляк спортшысы Оливия Киолбасамен кездеседі.

Ал бұған дейін оның алғашқы жеңіске қол жеткізгенін жазғанбыз. 19 жастағы жерлесіміз Швейцарияның атынан шыққан бұрынғы ресейлік Александра Костенюкті жеңді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға