Жаңалықтар

Бибисара Асаубаева Гран-придегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бибисара Асаубаева Гран-придегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: instagram.com/bibisarachess 24.05.2023 10:10 558

Никосияда (Кипр) әйелдер арасында ФИДЕ Гран-приінің соңғы кезеңінің 7-турының партиялары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық нәтижелі үш партияда жеңіске қара тастармен қол жеткізілді.

19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Швейцарияның атынан шыққан бұрынғы ресейлік Александра Костенюкті жеңді. Асаубаева үшін бұл – Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңіс, ол бұған дейін төрт матч өткізіп, екі рет жеңілді.

7-турдың нәтижелері:

Александра Костенюк – Бибісара Асаубаева – 0: 1.

Оливия Келбаса – Нана Загнидзе – 0: 1.

Екатерина Лагно – Динара Вагнер – 0: 1.

Полина Шувалова – Харика Дронавалли – 0,5: 0,5.

Гюнай Мамезаде – Александра Горячкина – 0,5: 0,5.

Тан Чжуньи – Бела Хотенашвили – 0,5:0,5.

7-турдан кейінгі позиция:

  1. Динара Вагнер – 5 ұпай.

2-3. Тан Чжуни, Харика Дронавалли – 4,5 ұпайдан.

4-6. Екатерина Лагно, Александра Горячкина, Полина Шувалова – 4 ұпайдан.

  1. Нана Загнидзе – 3,5.

8-11. Александра Костенюк, Бела Хотенашвили, Бибісара Асаубаева, Гүлнай Мамедзаде – 3.

  1. Оливия Келбаса – 0,5.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға