Жаңалықтар

Бибігүл Жексенбайдың орны тіптен бөлек - Абай Балжан

Бибігүл Жексенбайдың орны тіптен бөлек - Абай Балжан
Фото: kaz.365info.kz 14.01.2023 17:00 3132

Бізде мықты журналистер бұрын да көп болған. Қазір Құдайға шүкір, бұрынғыдан да көп. Біздің буынның өкшесін басып келе жатқандардың ең басты ерекшелігі -  ұлтжандылықтарымен қоса ересен білімділіктерінде! Осы буынның ішінде Бибігүл Жексенбайдың орны тіптен бөлек!

Бибігүлді біздің замандастарымыздың көпшілігі тележурналист ретінде таниды. Ал, Бибігүл көп әріптестерінен ойын образға орап жеткізе алатындығымен дараланады. Тілі шұрайлы. Мұның себебін өз басым Бибігүлдің журналистік қызметті газеттен бастағандығынан іздеймін.

Жә, мұның бәрі кәсібиліктің төңірегінде айтылатын әңгімелер шығар. Кәсіп демекші, дәл қазіргі таңда қазақ журналистеріне басқа қай ұлттың журналистеріне қарағанда да көбірек мемлекетшіл, көбірек ұлтшыл болмаса болмайды. Себебі өңкей экспансиялардың ортасында қалған қазақ қоғамы бұрынғы қай кездегімен салыстырғанда да үлкен сынақтың алдында тұр. Бүгінгі қазақ журналисінің аузынан тек ұлтты адастырмайтын сөз шығу керек! Ол үшін журналистің өзі адаспауы керек! Бибігүл Жексенбай нақ осындай ел сенетін бірегей әріптесіміз! Елді адастырмайтын Бибігүл қарындасымыздың сөзі Парламенттің мінбесінен естілетін кез жетті ғой деп ойлаймын. Сондықтан да оның әрбір қадамына сәттілік тілеймін! Қалай болғанда да, журналист көп, Бибігүл Жексенбай жалғыз. Ендеше, мықтымыздың Сенатқа сайланғанына біз қуанбағанда, кім қуанады!

Бибігүлдің қадамы елімізге құт болсын, әріптестер!

Абай БАЛАЖАН,
Түркістан облыстық “Оңтүстік Қазақстан” газетінің директор-бас редакторы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға