Жаңалықтар

Бейжіңде метро ақысын алақанмен төлеуге болады

Бейжіңде метро ақысын алақанмен төлеуге болады
Фото: © Pixabay.com 22.05.2023 21:38 1105

Бейжіңдегі жолаушылар метросы желісінің бірінде жол ақысын алақанмен төлеуге болатын қызмет іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Синьхуа» агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, жолаушыларға жол жүру картасының немесе QR-кодты сканерлеудің қажеті жоқ.

Бейжің қалалық көлік істері комитеті Дасин халықаралық әуежайына дейін жүрдек пойызда жаңа технологияны қолдану бойынша пилоттық бағдарламаның басталғанын мәлім етті.

Жолаушылар станциядағы билет автоматына алақанын қойғанда, биометриялық ақпарат енгізіледі. Ол үшін танымал қытайлық WeChat мессенджерінде тіркелуден өту қажет. Жол жүру ақысы аппаратқа алақанды қойған соң автоматты түрде алынады.

Жаңа технологияның арқасында тұрғындар өздерімен бірге қолма-қол ақша болмағанда немесе смартфондарының қуаты сөніп қалған жағдайда да метроға мінуге мүмкіндік береді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға