Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
08.10.2022 02:27
Фото:
nashaniva.com
Бұл туралы Швеция академиясының Нобель комитеті Twitter-де мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Биыл Нобель сыйлығының жалғыз жеке иегері беларусьтық құқық қорғаушы, "Вясна" құқық қорғау орталығының төрағасы, "Ар-ұждан тұтқыны" Алес Беляцкий болды. Сонымен қатар, 2022 жылғы бейбітшілік сыйлығын екі құқық қорғау ұйымы бөлісті. Олар: Ресейдің "Мемориал" орталығы және Украинаның азаматтық бостандықтар орталығы.
Бейбітшілік сыйлығы Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, "үлкен жетістікке жеткен немесе халықтарды біріктіруде және армиялар санын азайтуда, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін өткізуде және оларға назар аударуда басқаларға қарағанда көбірек қызмет еткен адамға" беріледі.Биыл лауреат өзінің жеке бейнесі бар медаль, диплом және 10 миллион швед кроны көлемінде ақшалай сыйақы алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

