Жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы «Мастерс» турнирінде келесі айналымға өтті

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы «Мастерс» турнирінде келесі айналымға өтті
Фото: ҰОК 02.10.2024 06:27 96

Теннистен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Жұқаев (196 АТР)  өз мансабында екінші рет Шанхайда ATP 1000 сериясы аясындағы турнирдің негізгі бөлігінде өнер көрсетпек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іріктеу раундының финалында қазақстандық теннисші британдық Билли Харристі (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен ұтты. Жұқаевтың негізгі бөліктегі бірінші айналымындағы қарсыласы кім болатыны кейінірек анықталады.

Шанхайда өтетін «Мастерс» Бейбіт үшін маңызды турнир. Былтыр да ол турнирдің негізгі жарысына өтіп, үш сетте де чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің негізгі бөлігіне шыққан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға