Бейбіт Жұқаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
16.10.2024 08:36
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 213-ракеткасы қазақстандық Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейбіт бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.
Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.
Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды - 6:4, 6:1.
Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Жукаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

