Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын айтты

Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын айтты
Фото: Видеодан кадр 12.07.2023 14:41 3293

Әлеуметтік желіде таралған атақты боксшы Бейбіт Шүменовтің баласын көтеріп алған ер азаматты соққыға жыққан видеосы көпшіліктің талқылауына түскен еді. Боксшының өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейбіт Шүменов әйелі мен ұлын алып, Қазақстанға келген. Негізі, олар АҚШ-тың азаматтары.

Соған қарамастан, мен ұлымның отанын көріп, осында жүргенін қаладым. Ол Happylon ойнағанды ұнатқандықтан Mega Silkway-ге бардық. Содан соң екінші қабаттағы мейрамханаға көтерілдік, ал әр мейрамхананың өз ойын алаңы бар, - дейді ол.

Бейбіт жұбайы екеуі тамаққа тапсырыс бергенде ұлы ойнауға кеткен. Біраз уақыттан кейін спортшының ұлы өзін біреу ұрып-соққанын айтып келген. Бір бала оны арқасынан ұрып, аяғынан сүйреген.

Менің балам Америкада мұндайды көрмегендіктен ештеңе түсінбеген. Оның жасы 8-де, онымен дос сияқты қарым-қатынас жасаймыз. Тіпті, дауыс көтеріп те көрмегенбіз. Сондықтан ол бірден қорқып кетті. Бірнеше минуттан кейін ол бала тағы да менің ұлыма жақындап, оның басынан ұруға тырысты, ал менің ұлым жалтарып, қашып кеткен. Кейінік ұлым өзін ұрған баланы әкесі алып кеткенін айтып, көрсетті, - дейді Бейбіт Шүменов.

Оқи отырыңыз:

Сол ер адамға баласы ұрғанын айтқанда «Иә, не істейсің? Не істейсің?» деп жауап берген. Мұндай жауап күтпеген Бейбіт Шүменов ашуға берілген.

«Не деп тұрсың?» деген сөздермен жақындадым. Сосын ол мені ұру үшін шанышқыны алды. Сосын оның қолындағы пышақ емес екенін түсініп, баланы жіберіп, екінші қолына пышақты алып, мені ұруға әрекеттеніп, шабуылдан кейін оны лақтырып жіберді. Менің орнымда қарапайым адам болса, денсаулығына ауыр зиян келтірер еді, - деп қосты Бейбіт.

Шүменов баланы ұстаған ер адам оны пышақпен ұрмақ болғанын да атап өтті.

Ол адамның кішкентай баланы қалқан етіп алғаны маған оғаш көрінді. Мен бұл адамды баланы босатсын деп артынан ұстап алуға тырыстым. Бірақ ол жібермеді, керісінше қорғанды деуге болады. Қандай әке осылай жасайды? Егер менің отбасыма бір нәрсе қауіп төнсе, мен оларды артыма жасырар едім, - дейді боксшы.

Бейбіт Шүменов ол адамның баланы пайдаланып, пышақтап тастауға тырысты дейді. Сондай-ақ ол өзінің қарапайым адам екенін айтып, танымалдықты ұнатпайтынын алға тартты.

Менің таңдауым жоқ, сондықтан мен осы сұрақтардың бәріне жауап беремін. Интернетте көп әңгіме бар, үшінші тарап тек хайпқ жасағысы келеді, - дейді боксшы.

Айта кетейік, атақты боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған едік. Зардап шеккен тараптың адвокаты Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін айтты. Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ айтып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға