Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
31.10.2022 17:30
Фото:
gov.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz
Сондай-ақ осы Жарлықпен Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

