Жаңалықтар

«Бейәдеп сөз айтқан жоқпын»: Щучинск қаласы әкімінің басы дауға қалды

«Бейәдеп сөз айтқан жоқпын»: Щучинск қаласы әкімінің басы дауға қалды
Фото: Видеодан кадр 04.08.2023 10:30 1243

Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов Instagram-да тікелей эфирге шығып, шаһар тұрғындарына алғашқы жарты жылдың қорытындысы бойынша есеп берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір қарағанға, онда тұрған не бар деп ойлауыңыз мүмкін. Иә, ештеңе де жоқ, әкім заман ағымына ілесіп, әлеуметтік желілердің мүмкіндігі арқылы халқына жақын болғысы келген шығар. Бірақ қызықтың көкесі тікелей эфир аяқталған соң болған. Нақтырағы, әкім эфир аяқталды деп ойлап қалса керек.

Qumash Telegram-арнасының хабарлауынша, Нұрмағамбетов стрим кезінде тек баяндамасын оқумен шектеліп, тұрғындардың сауалына жауап берместен эфирді аяқтауды ұйғарған.

Видеода әкімнің көмекшісі live-ты жанталасып өшіре алмай жатқанын көруге болады. Себебі қойылған сұрақтар шаһар басшысының көңілінен шықпаса керек, ол өзіне бейәдеп сөз айтуға жол берген.

«Сұрақтарын ... тығып қойсын» деген (қай жерге екенін нақтыламай-ақ қояйық).

Дегенмен әкімдік қызметкерлері басшылық тарапынан мұндай сөз айтылмағанын алға тартады. Тіпті Instagram-дағы ресми парақшасында Нұрмағамбетовтің видеосы жарияланып, ол да бұл сөздерді растады. Ол өзінің қала тұрғындары тарапына жағымсыз, әсіресе бейәдеп сөз айтпағанын тілге тиек етті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Burabay_audanynyn_akimdigi (@burabay_audanynyn_akimdigi)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға