Жаңалықтар

«Бетіне айтып тастағанмын...». Танымал актер жолын Тұңғышбай Жаманқұлов кесті деп айыптады

«Бетіне айтып тастағанмын...». Танымал актер жолын Тұңғышбай Жаманқұлов кесті деп айыптады
Фото: Видеодан кадр 31.05.2023 10:14 1191

«Адамдар арасындағы бөлтірік» фильмінде Гілі-Гілі образымен танымал болған актер актер Ерболат Оспанқұлов El.kz ақпарат агенттігіндегі БазарLike бағдарламасына берген сұхбатында жолын Тұңғышбай Жаманқұловтың екі мәрте кескендігін ашық айтты.

Жүргенов өнер академиясына келдім. Бірінші тапсырған кезде Тұңғышбай Жаманқұлов ағамызға тапсырдым. Бір ай дайындық курсынан өткен 30 бала жүрді. Сол 30 баладан біреуі ғана түсті. Онда да таныс арқылы. Оны Тұңғышбай ағамыздың бетіне де айтқанмын кезінде. Баланың өзі маған мойындап айтты. Оны несіне жасырамыз? Төрт жылдан кейін қайтадан тапсырдым. Тағы Тұңғышбай Жаманқұловқа түстім. Алмай қойды. Алмасаң, алма дедім. Маған «Ерболат, қартайып қалдың» деді. Бірінші тапсырғанымда 23-те, одан кейін 27-де едім. Үш рет тапсырдым. Талғат Теменов ректор болған кезінде бардым. «Қайтесің... Сенің дипломың келбетіңде тұр ғой» деп шығарып салды. Қолымды бір сілтедім де кетіп қалдым, - деді актер. 


Ерболат Оспанқұлов қазір де Тұңғышбай Жаманқұловпен бірге киноға бірге түсіп жүргенін, реніші жоқ екенін айтып ағынан жарылды.

Несіне ренжимін. Киноға бірге түсіп жүрмін. Ол кездері Түкеңе ешкім бетіне қарап сөйлей алмайтын. Мен бетіне айтып тастағанмын. «Тауықсыз да таң атады. Сенің «театральныйыңсыз» да күн көремін дедім, - дейді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға