«Бесінші қабаттан лақтырамыз». Астанада балалардың ерсі әрекеті жұртты шошытты
Мөлдір Қайнар тілші
Астанада бір топ бала бір баланы бесінші қабаттың балконынан лақтырмақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалардың ерсі әрекеті түсірілген видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Видеоны балалардың бірі түсіріп алған, ол бір баланы бесінші қабаттан лақтырғалы жатқанын хабарлайды. Баланың ата-анасы полиция қызметкерлерінен кінәлілерді жазалауды талап еткен.
Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеме жасады. полиция мәлімдеме жасады.
Бұл факт тіркелді, оқиғаның барлық қатысушысы анықталды, мән-жайлар заңды өкілдердің қатысуымен анықталып жатыр. - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

