«Бешикташ» Зайнутдиновті ресми түрде таныстырды
21.08.2023 23:01
Фото:
instagram.com
Түркияның «Бешикташ» командасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркия футбол федерациясының ресми сайтында Зайнутдиновтің клубпен келісімшарты биылғы жылдың 18 тамызынан басталғаны көрсетілген. Оның аяқталу мерзімі - 2027 жылдың 30 маусымы.
Зайнутдиновті Ыстамбұл командасына 4,5 миллион еуроға сатып алды. Отандасымыз бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған. 2020 жылдың тамызынан бері 83 ойынға қатысып, 7 гол соққан. Сонымен қатар 8 нәтижелі пасы бар. ЦСКА сапында Ресей кубогында топ жарған.
Оған дейін тағы бір ресейлік «Ростов» сапында ойнаған. Ал елімізде «Тараз» және «Астана» командаларында доп тепті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

