Жаңалықтар

Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шықты

Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шықты
Фото: «Ұлттық спорт және ат спорты» түрлері орталығы 10.09.2024 14:32 271

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей ақтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста ұлттық құрама спортшылары жарыстың екінші күні де қарсыластарынан басым түсті. Бүгін А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен кездесу өткізіп, екеуін де 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан А тобында бірде-бір жеңіліссіз топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады. Финалдық ойында отандық асықшылар Ресей спортшыларымен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға