Бес реформа тиімді экономикалық және саяси жүйе қалыптастыруға көмектеседі
Бес институционалдық реформа елді одан әрі дамытып, тиімді экономикалық және саяси жүйе қалыптастыруға көмектеседі, соның арқасында Қазақстан әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіре алады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» атты халықаралық конференция барысында ҚР парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов мәлім етті.

