Жаңалықтар

Бес әлеуметтік бастамаға арналған ашық дилог алаңы

Бес әлеуметтік бастамаға арналған ашық дилог алаңы
19.03.2018 09:36 2063

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының активі және құрылымдарының, этномәдени бірлестік өкілдерінің, ҚХ Ақмола ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі бойынша диалог алаңы өтті.

Модератор, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов кіріспе сөзінде Президенттің бес әлеуметтік бастамасы - зор әлеуметтік мәнге ие және өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынушы маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті.

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов әр бастамаға жеке-жеке тоқталып, құжаттық реформалардың биылғы жиынтығы - нақты міндеттер мен айқын индикаторлары бар әлеуметтік бағдарлама екенін атап өтті. Ал, ҚХАА  жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастама жайлы айтып берді.

Талқылауға этномәдени бірлестік өкілдері де белсене қатысты. «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған Бес әлеуметтік бастаманы толығымен қолдайды», - деп Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев ортақ ой-пікірді білдірді.  

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға