Бес адам қаза тапты: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
27.07.2023 11:44
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 шілде күні сағат 11:00-де болған.
Оқи отырыңыз:
- Қоқыстан бесік тауып алған Жұлдыз Әбдукәрімова көз жасын тыя алмады
- Қостанай облысында қылмыстық топ ойдан шығарылған ет сатқан
«Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты,- деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

