Жаңалықтар

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Фото: Үкімет 09.10.2024 09:01 996

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына 2022 жылғы 11 маусымда тағайындалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген мәліметте.

Туған жылы: 18.09.1971

Туған жері: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы 

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген (1994), тарихшы


1988 жылдан - Қарағанды балалар кітапханасында кітапханашысы. 


1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 


1995 жылдан - бөлім меңгерушісінің м.а., 


1997 жылдың қаңтарынан - институт директорының орынбасары 


1997 жылдың наурызынан - ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары


1997 жылдың қарашасынан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы.


1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.


1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары


2000 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары


2001 жылдан 2002 жылға дейін - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.


2002 жылдан - Ұлттық зерттеулер институтының директоры


2003 жылдан - «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары.


2004 жылдан - «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті


2005 жылдан - «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі


2006 жылдан - «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры


2006 жылы маусым-тамыз - Украинаның Киев облысына қарасты Вышгород қаласының мэрі кеңесшісі.


2007 ж. - Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының төрағасы.


2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы 


2008 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.


2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры


2009-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі.


2010 жыл. – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі


2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы Жезғазған қаласының әкімі


2012 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Бірінші вице-премьердің кеңесшісі.


2012-2013 жж. – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.


2013 ж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.


2016 жылдан –ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, директоры кеңесшісі, бас ғылыми қызметкері


2017 жылдың мамырынан – «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі. ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі.


2019 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Респбубликасы Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі.


2019 жылдың қаңтарынан - «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы


2019 жылдың қазанынан Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі

2020 жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 

2022 жылдың 11 маусымынан бастап жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға