Жаңалықтар

Бердібек Соқпақпаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Бердібек Соқпақпаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді
Фото: Әлеуметтік желіден 09.11.2023 16:39 1248

Мемлекеттік кеңесі Ерлан Қарин Бердібек Соқпақпаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Б.Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз, - деді Қарин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға