Жаңалықтар

Бердібек Сапарбаевпен 15 жыл бірге істеген Жылқыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Бердібек Сапарбаевпен 15 жыл бірге істеген Жылқыбаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: instagram.com/yerzhan_zhilkibayev / instagram.com/saparbayev_bm 27.04.2023 16:45 2401

Еліміздің бес облысын басқарған, қазіргі кезде зейнетте жүрген Бердібек Сапарбаевпен ұзақ жыл бірге еңбек еткен Ержан Жылқыбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол Amanat партиясының хатшысы болды.

Айта кетейік, Ержан Жылқыбаев 1982 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген. Ең алғаш 2006 жылы Сапарбаев Парламенттегі Үкімет өкілі болғанда, Жылқыбаев бас сарапшы қызметін атқарған. Кейін Бердібек Мәшбекұлы экономика және бюджеттік жоспарлау вице-мнистріне қызметіне кіріскенде, 25 жастағы Жылқыбаев бөлім басшысы болып тағайындалды.

Одан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Сапарбаев – министр, Жылқыбаев – көмекші, 2009-2014 жылдары Сапарбаев ШҚО әкімі, Жылқыбаев –аппарат басшысы.  Сонымен қатар екеуі Ақтөбе, Астана және Жамбыл облыстарында да бірге еңбек еткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға