Жаңалықтар

Белсенді жастар халық қалаулыларының үндеуін қолдайды

Жастар үндеуге үн қосты
20.01.2016 06:23 7004

Белсенді жастар халық қалаулыларының үндеуін қолдайды

Шахмардан БАЙМАНОВ,  «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Біз Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты толықтай қолдаймыз. Біріншіден, биылғы жылдан Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру басталып кетті. Қысқа уақытта Парламенттің заңдылығын айғақтау керек деп есептеймін. Бұл алға қойылып отырған маңызды мақсат-міндеттерді, дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажет. Екіншіден, қазір әлемдік дағдарыс жүріп жатыр. Бұл орайда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын бірге өткізу уақыт және бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, тұрақсыз геосаяси жағдайдың Қазақстанға ықпалы байқалып отыр.

 Белсенді жастар халық қалаулыларының үндеуін қолдайды

Абылайхан САБАНБАЕВ, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы:

Қызылорда облысы «Жас Отан» жастар қанаты Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын толықтай қолдайды. Жасотандықтар толықтай «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын әрі қарай жастардың арасында насихаттау және қабылданған заңдардың жастар арасында толықтай қолданылуына өз үлестерін қосатын болады.

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Көп уақытты сары уайымға, болашақты болжауға жұмсамай нақты шешімдер қабылдайтын кезең келді. Елбасы экономикалық қауіп-қатерге байланысты бірнеше ұлттық деңгейдегі құжаттар қабылдаған. Соның бірі – «Ұлт жоспары 100 қадам». Оның заңдылық негізі, базасы жасалды енді оның практикалық негізге көшуіміз керек. Сондықтан ҚР 5-інші шақырылымындағы Парламент депутаттары өзара бұл мәселені салмақтай келе жасаған ұсынысы құптарлық деп ойлаймыз.

Белсенді жастар халық қалаулыларының үндеуін қолдайды

Алтынбек КЕРЕШЕВ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Елбасы БАҚ-қа берген сұхбаттарының бірінде Парламент депутаттарының  «Бес институтционалдық  реформасын» жүзеге асыру барысында үлкен жұмыстар атқарғанына (80-ге жуық заң жобасы қабылдануы) ризашылығын білдірді. Ал 2016 жылдың бірінші пленарлық отырысында Парламент Мәжілісі өзін мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, Президенттің атына үндеулерін жолдады. Мен үндеуді қолдаймын, ендігі мәселе – депутаттық мандатқа келетін келесі халық қалаулыларының арасында жастар көп болғанын қалар едім. Әсіресе,  «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген, қызмет барысында жан-жақты білімі мен мен мүмкіндігі, парасатттылығымен көзге түскендер өте көп.

Елдегі тұрақтылық пен татулықтың сақталуына бағытталған халық қалаулыларының үндеуіне Қостанай жастары да үн қосты.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға