Жаңалықтар

Белорус мәдени орталығы Елбасы Жолдауын талқылауды ұйымдастырды

Белорус мәдени орталығы Елбасы Жолдауын талқылауды ұйымдастырды
26.10.2018 10:11 1538

Белорус мәдени орталығы Алматыдағы Достық үйінде Елбасы Жолдауын талқылады

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мен түсіндіру бойынша «Белорус мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті.

Іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының, Белорус этномәдени бірлестігінің мүшелері мен өкілдері, жастар және БАҚ тілшілері қатысты.

Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н. Балғымбаев Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. салаларға қатысты нақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, жарияланған Жастар жылына байланысты Алматы қаласында әзірленіп жатқан Іс-шаралар жоспары жүзеге асырылатындығын мәлімдеді.

Өз кезегінде, «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ бас директоры А. Цеховой Жолдаудың 6 бірдей бөлімі туралы атап өтіп, оның жүзеге асырылуы барлық қазақстандықтардың ортақ ісі екендігін қадап айтты. Сонымен қатар іске ортақтықтың көрінісі ретінде еліміздің бірнеше ЖОО-нда жобаларды басқару бойынша арнайы мамандықтар ашылғандығын жеткізіп, магистрлар мен PhD докторлар даярланып жатқындығын хабарлады.

Келесі кезекте сөз алған Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров құқық қорғау жүйесін реформалау, ішкі туризмді дамыту, өскелең ұрпаққа руханилық пен мәдениетті бойларына сіңіру қажеттігі туралы сөз қозғады.

Шара соңында қатысушылар Жолдаудың барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеу қажеттігіне бірауыздан келісті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға