Жаңалықтар

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 24.05.2024 15:45 2707

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада рәмізтанушы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденовтың туғанына 70 жыл толуына орай ақынды еске алуға арналған конференция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында қазақ елінің тұңғыш рәмізтанушысы және ҚР Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы Ербол Шаймерденовтың мәдениет, тіл және геральдика саласына сіңірген еңбектері баяндалды. Шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мәдениет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Тұлғаның асыл жары Күләш Шаймерденова ақынның отбасында қандай адам болғаны туралы естелігімен бөлісті. Оның айтуынша, өте бір ерекше адам болған көрінеді.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Өте мейірімді, ел жанды, ұлтын қатты жақсы көретін адам еді. Бұл қасиеті жүріс-тұрысынан, бүкіл болмысынан байқалып тұратын. Ешқашан өтірік айтпайтын. Мейірімділігі соншалық, балаларына ұрыспайтын. Бос уақытында үйге келгенде, біз сенбі-жексенбі үйде отырмайтынбыз. Өйткені ол демалыс күнін пайдаланып, бізге бар уақытын арнауға тырысты. Ел-жер, халық, тіл үшін деп жүгіріп жүріп кітап жазды. Рәмізге байланысты еңбегі қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылды, – дейді ақынның жары.

Сонымен қатар Ербол Шаймерденовтың тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы болғанын атап өтті. Одан кейін Жоғарғы Кеңесте көп жыл еңбек еткенін айтты.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Мемлекеттің қоғаммен, ортамен байланысын орнықтыру бағытында көп жұмыс істеді. Ал бос уақытында ақын еді. Көптеген өлең-поэмалары бар. Бұдан басқа аудармашы болды. Шетел әдебиетінің ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды, – дейді асыл жары Күләш Шаймерденова.

Ал ҚР президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров ақынның сан қырлы болғанын және бәріне адал, қаламгер әрі қайраткер болғанын тілге тиек етті.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Жазған еңбектері оқылды, әдеби ортада публицистикалық салада, жалпы шығармашылық жолда жүріп жақсы мойындалды. Өзінің бағасын тиісті деңгейде алған қаламгер, оған талас жоқ. Қаламгерліктен қайраткерлікке дейін биікке көтерілді. Сол қайраткерлік деген көп қаламгердің маңдайына беріле бермейтін абыройлы мәртебені ұстап тұрды. Соған дақ түсірмей, өмірден өтті, – дейді Бауыржан Омаров.

Сондай-ақ қаламгердің ұлтжанды адам болғанын атап өтті.

Себебі солтүстік өңірдің тумасы болғандықтан, кішкентай кезінен ұлтқа не қажет екенін білді. Өзге ұлттардың арасында өз тіліміздің мәртебесінің қандай болу керегін жеткізген. Санасы ерте оянған азамат дер едім. Бірге қызмет еткен уақытта әр жылдары жақсы жұмыс істедік. Аға-ініге қамқор, өзінің қызмет барысында ешкімге кедергі келтірмейтін, дауыс көтермейтін, сыбаз жақсы адам болды. Зиялылардың ортасында мойындалған мәртебелі мемлекеттік қызметкер болды деп айта аламын, – деді президенттің кеңесшісі.

Белгілі журналист Сауытбек Әбдірахманов Ербол Шаймерденовты қазақ журналистикасындағы даусы жүйрік тұлғалардың бірі екенін айтты.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Ербол Шаймерденов – ғалым, жақсы аудармашы болды. Хайдеггердің, Ремарк сынды тұлғалардың күрделі философиялық шығармаларын аударған. Оның үстіне ол үлкен антология құрастырушысы. «Қазақтың ақыл-ой антологиясы» деген кітабы өте құнды қазына. Осындай еңбектері бар азамат ортамыздан ерте кетіп қалды. Бірақ Ерболдың еңбегі қазақ есінде сақталады, – дейді Сауытбек Әбдірахманов.

Ақынның курстасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуаныш Жиенбай тұлғаның еңбек жолы мен жүріп өткен жолы туралы айтып берді.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Ерболмен бірге оқыдық. Бүгін ақынның 70 жылдығына байланысты ғылыми конференция сияқты үлкен дөңгелек үстел өтіп жатыр. Еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап бойындағы барлық жігерін, қайратын, білімін егемендікке арнаған бір адам болатын болса, осы Ербол Шаймерден деп айтар едім. Біздің елімізде ешқандай да тәжірибеге енбеген «Рәмізтану» деген үлкен ғылым-білім бар. Жаңағы президенттің тұңғыш баспасөз хатшысы бола жүріп, біздің елдің тарихында әлі болмаған мына «Рәмізтану» деген мәселенің басы-қасында осы кісі жүрді. Мыңдаған-жүздеген елдің елтаңба, туын зерттеп,  оқи келе бір жүйеге келтіріп, кітап жазды. Қазақтың рәміздерін бұл өмірге алып келген тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденов, – дейді курстасы болған Қуаныш Жиенбай.

Бұдан бөлек ақынның тілге деген жанашырлығы бір төбе екенін айтты.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Тілдік проблемалардың бәрін жанын салып көтерді. Қазақ тілінің мемлекеттік тілі болып қалуында үлкен рөл атқаржы. Ерболдың тағы бір біздің ғасырлар бойы өмір сүрген даналарымыздың афоризмдерін жинап, «Қазақ афоризмдері» атты үлкен кітап шығарды. Сол кітаптың алғашқы данасын өлерінің алдында өзі көріп кетті. Иә, енді Ербол ұзақ өмір сүрген жоқ. 60-қа жетер шағында қайтыс болып кетті. Шын мәнінде рухани байлығымызға, мемлекеттік тілдің қалыптасуына жанашырлықпен кіріскен бірден-бір адам Ербол Шаймерден, – дейді жазушы Қуаныш Жиенбай.

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

Белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың 70 жылдығы атап өтілді

©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Қарақат Сұлтанмахмұтқызы,

ЕҰУ-дың 2 курс студенті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға