football24.ua

Белгілі футболшы матч кезінде көз жұмды

Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысы матч кезінде көз жұмды. 41 жастағы Деян Милованович жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап El.kz интернет порталы.

Сербия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Деян Милованович ардагерлер арасындағы жолдастық матч кезінде қаза тапты. L'Equipe мәліметінше, футболшы гол соққаннан кейін жүрек талмасы ұстап, есінен танып қалған.

Дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол Белградта дүниеге келген және ұзақ жылдар бойы «Челсиде» ойнаған әйгілі футболшы Бранислав Ивановичтің немере ағасы болатын.

Деян Милованович «Црвена Звезда», «Ланс» және «Паниониос» клубтарында өнер көрсеткен. 2008 жылы ол Сербия құрамасы сапында екі матч өткізген.