Беларусь сотталған екі азаматты Қазақстанға қайтарды
10.05.2023 11:09
Фото:
Видеодан алынған кадр
Беларусьтің Бас прокуратурасы сол жақта бас бостандығынан айырылған Қазақстанның екі азаматын қайтару туралы сұранысты қанағаттандырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Азамат «К» Беларусьте аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді, - делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.
Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

