Dünya

Беларусь президенті отын жарып жатып жарақат алды

21.01.2024 02:14

Беларусь президенті Александр Лукашенко отын жарып жатып жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Беларусь көшбасшысының өзі айтты.

Отын жарып жатқанмын, дәл аяғыма 80 келі болатын бұғау құлады, - деді Лукашенко.

Ол бастапқыда жарақаттың аса білінбегенін, кейін ағаш құлаған жер ісініп кеткенін алға тартты.

Президент жарақатына байланысты сенбі күні өткен хоккей матчына қатыспаған.