Жаңалықтар

Бекжан Тұрыс кімдерді зиялы деп санайтынын айтты

Бекжан Тұрыс кімдерді зиялы деп санайтынын айтты
Фото: Видеодан кадр 16.08.2023 12:14 1750

Танымал актер Бекжан Тұрыс Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде халықтың мұң-мұқтажын айтуға, оларды ақтап алуға тырыспаған ақын-жазушыларға ренішін жеткізді.

Өнер иелерінің ішінде батыл сөйлеуге шамасы жеткендер бірен-саран болса, солар зиялы деген атқа лайық екенін тілге тиек етті ол.

Оқи отырыңыз:

Қаңтар оқиғасы кезінде қалжыраған халқымның қажымас серігі болар, жөн сілтейтін үлкенді таппай қалдық. Иә, халық әртістері бар, үнсіз қалғаны ол кісілердің өзіне сын. Әдебиетте де қалам ұстаған қаншама жазушы бар. Солар да үнсіз қалды. Риза болғаным, ешқандай қатпай, бәрін ашына айтқан, биліктің бейдауа сөзін емес, ақиқатты айтып, елдің сөзін сөйлегендер – Амангелді Кеңшілік, ақын қызымыз Танакөз Толқынқызы. Зиялы деп мен сол кісілерді айтар едім. Ал әншілерден Нұрлан Албан болды. Айта білді, жаза білді. Бірақ соларға да ешкім құлақ асқан жоқ. 

Қарап отырсақ, қолына қалам ұстаған 800-ге жуық жазушымыз бар екен. Біз оларды ұлттың ар-ожданы, мақтанышы, тәлімгері, қорғаны деп қараймыз. Бірақ сол 800 адамның ішінде кеше 8-інің шықпағы қынжылтады, - деді Бекжан Тұрыс.

Бұған дейін актер дінді қаруға айналдырып алғанымыз жайлы сөз қозғаған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға