ҚР ҰОК

Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионатын аяқтады

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Былғары қолғап шебері 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Бекзат бұл кезеңде Грузия елінің өкілі Георгий Кушиташвилимен өзара мықтыны анықтады.

Алғашқы үшминуттықта отандасымыз басым түсті. Дегенмен Грузия елінің боксшысы екінші және үшінші раундта басымдық танытып, 3:2 есебімен жеңді.