Жаңалықтар

Бектенов білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бектенов білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 06.08.2024 13:00 517

Премьер-министр жыл соңына дейін білім беру нысандарын қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау үлесін 100%-ға жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов еліміздің білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесіне баса назар аударды.

Биыл білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптары кеңейтілді. Сонымен қатар бүгінде жекеменшік білім беру ұйымдарының жартысынан астамы қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілмеген.

Өңір әкімдері білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен, турникеттермен, жедел басқару орталықтарына қосылған камералармен жабдықтауы қажет.

Ішкі істер министрлігі осы бағытта тексерулерді жалғастырсын. 1 қыркүйекке қарай қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау үлесін 90%-ға дейін қамтамасыз етіп, жыл соңына дейін 100%-ға жеткізу керек, — деп тапсырды Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға