Бектенов әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тежеуді тапсырды
15.10.2024 12:14
Фото:
t.me/KZgovernment
Өңірлер әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу жұмысына баса назар аударуы тиіс. Бұл туралы Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуІн тежеу Үкіметтің басым міндеті болып қала береді. Сондықтан өңірлер осы жұмысқа баса назар аударуға тиіс. Ол үшін қажетті құралдардың бәрі бар.
Нәтижесін көріп отырмыз. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулады. Инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Әкімдіктер азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға тиіс, — деп атап өтті премьер-министр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

