Жаңалықтар

Бекболат Тілеухан алданған адамдардың барлық ақшасын алып кеткен. Kausar Travel директоры сотталды

Бекболат Тілеухан алданған адамдардың барлық ақшасын алып кеткен. Kausar Travel директоры сотталды
Фото: Otyrar.kz 26.09.2023 14:03 10217

Мекке мен Мединаға қажылыққа баратын қазақстандықтарды алдаған Кausar Trаvel туристік фирмасының басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Кausar Trаvel туристік фирмасының директорына жүздеген қазақстандықты алдады деген айып тағылған еді. 

Қажылыққа аттанған қазақстандықтар кем дегенде мың доллардан ақша берген. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаса, ал кейбіреулері шет елде баспана, ақша, тамақсыз қалды.

Сот процесі басталғанға дейін сотталушы журналистермен сөйлесуге және істің анық-қанығын бөлісуге ниет білдірді.

ҰҚК-ге, Шымкент ПД-ға және инстанцияға арыз жаздым. Іс бойынша Бекболат Тілеуханов та өтуге тиіс. Ол алданған адамдардың барлық ақшасын алып кетті, - деді сотталушы сот процесі басталғанға дейін.

Сотта 300-ге жуық адам куә болды. Зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. Сот жарыссөзінде прокурор компания директорын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, - деп судья Айнель Орақбаева.

Айта кетейік, турфирма директоры өз кінәсін мойындамады.

Сондай-ақ биыл жазда ZamZam Qazaqstan қажылық компаниясы арқылы үлкен қажылыққа аттанған Қазақстанның 380 азаматына берілген виза құжаты жалған болып шыққанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға