Жаңалықтар

Beeline жаңа цифрлық өнімдерін таныстырды

Демо күнге Амстердамнан келген VEON компаниясының өкілдері, қызметкерлер мен журналистер қатысты
Beeline жаңа цифрлық өнімдерін таныстырды
Фото: Beeline Қазақстаннан 07.11.2022 15:00 2113

Елордада Beeline Қазақстан 11-ші Demo day өткізіп, цифрлық өнімдерін таныстырды. Оған арнайы Амстердамнан келген VEON компаниясының өкілдері, қызметкерлер мен журналистер қатысты. 

Қазіргі таңда Beeline Қазақстан еліміздегі абоненті ең көп компаниялардың бірі. Бірақ ол телеком бағытымен қатар өзін IT компания ретінде де дамытып жатыр. Мәселен, компанияда IT бағыты бойынша жұмыс жасайтын мамандардың саны 650-ден асады. Олар бүгінгі таңда ішкі және сыртқы 55 цифрлық өнімдерді шығарып, дамытуда.

«Мой Beeline» супер-қосымшасы.  Қосымша арқылы сіз теңгеріміңізді тексеріп қана қоймай, сондай-ақ, түрлі ойын ойнап, кино көріп, әндер тыңдай аласыз. Бұл қосымшаны күніне 750 мың, ал айына 3,5 млн адам қолданады. Яғни, Beeline компаниясының әр үшінші тұтынушысы осы қосымшаның көмегіне жүгінеді. Бұған қоса енді нөмір сатып алу үшін дүкенге барудың қажеті жоқ. Оны небары 2 минуттың ішінде қосымша арқылы тіркеп алуға болады. Сонымен қатар, бір SIM карталық телефондарға арналған «esim» жүйесі ұсынылады. Жүйе арқылы бір нөміріңізді esim-ге тіркесеңіз, екіншісін SIM карта ретінде салып, 2 байланыс нөмірін қолдануға мүмкіндік аласыз.

hitter. Бұл - Beeline Қазақстан компаниясының қызметкерлері ойлап тапқан музыка тыңдауға арналған қосымша. Әлем бойынша жергілікті әндерді тыңдау көрсеткіші артып келеді, сондықтан hitter әзірлеушілері отандық орындаушылар мен әндерге ерекше мән береді. Қазіргі таңда hitter қосымшасында отандық және шетелдік 20 млн ән бар. 

Simply. Бұлцифрлы төлем қосымшасы мен картасы. Қосымшаның көмегімен төлемдерді, елдегі және халықаралық қаржы аударымдарды комиссиясыз жүзеге асыруға болады. Қосымшаға ұялы телефонның нөмірін тіркеп, аударымдар мен төлемдерді нөмір арқылы жасай аласыз. Сондай-ақ, қосымшаның бірегей кешбэк жүйесі арқылы онлайн сауда жасасаңыз, 1,5 пайыз, ал контактісіз төлемдер жасасаңыз, 3%, сонымен қатар, арнайы мерзімдік категориялар кезінде 5% бонус ала аласыз. Жиналған бонустарды кез келген уақытта қолдануға болады.

Digital Window. Жобаның мақсаты — компаниядағы барлық қызмет көрсету саласын бір жүйеге орналастыру. Оператор онлайн қызмет және бейне қоңырау арқылы абонентке қызмет көрсетіп, көмектеседі. Мәселен, ғаламтордың ақауына байланысты, тарифті ауыстыру, төлемдерді жүзеге асыру және т.б. қызметтерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, абоненттің уақытын үнемдейді. 

Trade Management System (TMS). Бұл Beeline Қазақстан компаниясының өнімдерін сататын сауда орындарына арналған қосымша. Қазақстанда Beeline өнімдерін сататын 11 мың сауда орындары бар. Қосымшада әр сауда орны туралы ақпарат берілген. Сонымен қатар, қосымша арқылы қандай төлемдер жүзеге асырылғандығын тікелей бақылап отыруға мүмкіндік бар. 

«Цифрлы жұмысшы», «Цифрлы кен орны» және «Цифрлы полиция». Beeline Қазақстанның IоT-мамандары (IoT — Internet of things, - толық жазылуы) полиция қызметкерлері мен еліміздегі мұнай-газ орындарында жұмыс жасайтын мамандардың қауіпсіздігін арттыратын арнайы құрылғылармен таныстырды. Мәселен, бірі, улы газдың жоғары екендігінен белгі беретін құрылғы болса, енді бірі қызметкердің қандай да бір қателікке жол бермеуін қадағалайтын онлайн камера орнатылған көзілдіріктер. Сондай-ақ, жасанды интеллект арқылы қызметкерлердің қанша метр биіктікте екенін таспалап отырады. Сонымен қатар, қызметкерлердің тұрғылықты орнын анықтайтын gps рациалар мен дабыл аппараттары мен техникалық жабдықтар қарастырылған. Техникалық аппараттардың тіпті қыс мезгілінде де еш кедергісіз жұмыс істеуі тексерістен өткізілген. Бұның барлығы жоғары жылдамдықты интернет арқылы жүзеге асырылады. 

Суреттер Beeline Қазақстаннан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға