Жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингі Үкіметке есеп берді

«Бәйтерек» холдингі Үкіметке есеп берді
Фото: primeminister.kz 28.09.2023 20:04 651

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қатысушылар өңдеу өнеркәсібі, көлік және коммуналдық инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру мәселелерін талқылап, холдингтің 2023 жылғы II тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекітті.

Құжатта тәуекелдер картасы, тәуекелдерді басқару жоспары, негізгі көрсеткіштер мен іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат, сондай-ақ холдинг пен оған еншілес ұйымдардағы қаржылық тәуекелдер туралы ақпарат қамтылған.

Бұдан бөлек, ішкі аудит қызметінің ағымдағы жылдың II тоқсанындағы есебі және 2019-2023 жылдарға арналған түзетілген іс-шаралар жоспары бекітіліп, холдинг қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға