Жаңалықтар

«Байтақ» партиясы «Таза өмір» марафонын бастады

Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді
«Байтақ» партиясы «Таза өмір» марафонын бастады
Фото: Еl.kz 19.02.2023 14:58 4887

«Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір – Чистая жизнь» атты марафонын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Оған ауасы жоғары ластанған қалалардың тұрғындары, эко-белсенділері мен партия жақтастары қатысты.

Марафон қатысушылары противогаз киіп алып, Астана, Алматы және Теміртау саябақтары арқылы жүгірді. Акция өнеркәсіптік кәсіпорындардан атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарылуын азайтуды талап етті.  Өйткені ірі өнеркәсіптік қалаларда тұратын адамдар  денсаулыққа әсер ететін зиянды және улы заттарға толы  ауамен тыныс алуға мәжбүр.

Біз жеке сектордың көмір отынынан табиғи газға көшуін және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды көздейміз.

«Бүгін біз қоғамымызды тұншықтырып жатқан мәселелерді халыққа жеткізу үшін противогаздарымызды шештік!» - деді «Байтақ» жасылдар партиясының көшбасшысы Азаматхан Әміртай.

Азаматхан Әміртай атап өткендей, бұл марафон еліміздің барлық өңірлерінде апта бойы өтеді. Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында эстафетаны партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Қашқынбеков пен Алматы қалалық штабының мүшелері қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға