Жаңалықтар

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі пәніне қатысты жаңа ереже шықты

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі пәніне қатысты жаңа ереже шықты
Фото: Әлеуметтік желі 10.11.2023 14:19 898

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі сабақтан тыс уақытта және ата-аналардың өтініші бойынша ғана оқытылатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл пәндерді («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы») оқу Байқоңыр қаласының орыс мектептерінде тек оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру шеңберінде (басқа оқушылардың құқықтарын бұзбай), яғни , олардың өтініші бойынша (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша) мектептен тыс іс-шаралар түрінде – негізгі жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінен тыс, - деп хабарлайды Байқоңыр қаласының білім бөлімі.

2022 жылдан бастап 7-орта мектепте оқушылар мен олардың ата-аналарының тілектерін ескере отырып, 5, 6, 8, 9-сыныптарда қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылды.

Олардың айтуынша, басқа мектептерде жүргізілген сауалнама мен мониторинг оқушылар мен олардың ата-аналары мектептен тыс жұмыстардың басқа бағыттарына: мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық, шет тілдерін меңгеру, спорттық және патриоттық тәрбиеге басымдық беретінін көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға