Жаңалықтар

Байқаушылар 9700 учаскеде жұмысын жалғастырып жатыр

Байқаушылар 9700 учаскеде жұмысын жалғастырып жатыр
Фото: El.kz 19.03.2023 15:41 820

«Сайлау-2023» онлайн марафонында «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Құнәділов сайлаудағы байқаушылардың жұмысына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Дауыс беру үрдісі – күрделі. Бірақ бүгінгі Парламенттің жаңа форматтағы сайлауы одан да күрделі. Дегенмен бұл науқанға нақтылы, тиянақты дайындалып, 600-ден астам онлайн, оффлайн форматта оқыту жұмыстарын жүргіздік. Таңғы сағат 06:00-ден бастап еліміз бойынша 9700 ашық учаскелеріне өзіміздің байқаушыларымыз заң шеңберінде кіріп, тіркеуден өтіп, байқау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деді ол.

Науқан күрделі болғандықтан, кейбір өңірлерде 4, кейбіреуінде 5 бюллетень беріледі. Осы мәселенің ұзаққа созылу ықтималдылығы жоғары болғаннан кейін әрбір сайлау учаскесінде 2 байқаушы ауысып қызмет етіп жатыр.

«Өңірлерімізде ахуалдық орталықтар ашылған. Оған нақты уақыт режимінде қандай да бір оқиғалар, стандарттық емес жағдайлар, қандай да бір заң бұзушылық болса, ақпараттар келіп, түрлендіріліп БАҚ-қа айтылып отырады», - деді төраға.

Сонымен қатар төраға бақылаушының қызметіне тоқталып, оған түсінік берді.

Кез келген адам бақылаушы бола бермейді. Бақылаушы болу үшін саяси партиядан, не болмаса биылдан бастап заңнамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін тиісті сайлау комиссияларынан аккредитация өткен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Сонымен қатар әрбір байқаушының заңда қарастырылған 12 құқығы мен 8 міндеттемесі бар, - деді ол.

Төлеген Құнәділов жастардың сайлауға деген белсенділігі айтты.

«Жексенбі күні таңертең жастар демалады. Қазіргі байқаушылардан келген ақпарат бойынша бұрынғы науқандардағы тәжірибеге жүгінсек жастардың басым көпшілігі түстен бастап кешке дейін көбейеді. Негізі  бүгінде жастар арасындағы электоралды мәдениет артып келеді», - деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға