Жаңалықтар

"Байлық салығы" қашан енгізілетіні айтылды

Президент қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді деген болатын
"Байлық салығы" қашан енгізілетіні айтылды
Фото: exk.kz 22.12.2022 16:28 1217

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров байлық салығы жылжымайтын мүлікке қалай салынатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында біз осы мәселені кеңінен талқылап, жаңа Салық кодексімен бірге жылдың соңына дейін қабылдауды жоспарлап отырмыз", — деді Әлібек Қуантыров.

Бұған дейін Мемлекет басшысы өркениетті сауданы дамыту үшін ставкасы ақылға қонымды және процедуралары жеңіл, бөлшек "Салық реформасы аясында "байлық салығын" енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды, сондықтан салықты қолдану аясын кеңейту қажет деп айтқан.

Президент қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді деген болатын.

Министр Қуантыров байлық салығы қымбат көліктерге, жеке яхталар мен ұшақтарға ғана емес, жылжымайтын мүлікке де салынады деп отыр. Қазіргі кезде бір адамның атына тіркелген үйдің санына қарай салық салуға қатысты ұсыныс та бар екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға